Теннис

Қазақстандық жас теннисшілер Арменияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық жас теннисшілер Арменияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жас теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Айя Нұпбай жұптық сында Армения астанасы Ереванда өткен бесінші санаттағы J5 YEREVAN CUP турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, А.Арыстанбекова мен А.Нұпбай финалда ресейліктер Арина Арифулина мен Дарья Егорованы 7:6 (7:5), 6:1 есебімен ұтты.

Бұл Асылжанның өз спорттық жолындағы екінші титулы еді. Ал Айя жұптық сында жасөспірімдер арасындағы I TF жарысында алғашқы табысына қол жеткізді.

Жекелей сында А.Нұпбай жартылай финалда үш сеттік матчта Д.Егороваға есе жіберді.

Тағы бір қазақстандық, 17 жастағы Татьяна Николенко оңтүстікафрикалық Стелленбос қаласында осындай жарыстың финалында словакиялық Ирина Балуштан ұтылып қалды – 1:6, 0:6.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер