Әлем футболы

Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Салахты Мессиге теңеді

Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Салахты Мессиге теңеді
news-banner7
mobile-news-top

Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Гари Линекер «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салахты Лионель Мессимен салыстыра отырып мақтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

«Мәссаған! Мо Салах Мессиге айналды. Маған Салахтың бойынан ұнайтын көптеген нәрсенің бірі - матч қалай өрбісе де, ол әрқашан күлімсіреп ойнайды. Тамаша футболшы және керемет адам», - деп жазды Линекер «Твиттерде».

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 16 қазанда Англия Премьер-лигасы 8-турындағы «Ливерпуль» - «Уотфорд» матчында мысырлық гол соғып, нәтижелі пас берген болатын. Матч қызылдардың пайдасына 5:0 есебімен аяқталды. «Ливерпуль» сапында Фирмино хет-трик жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер