Қысқы

Шорт-трек шеберлері Бейжің олимпиадасына дайындықты бастады

news-banner7
mobile-news-top

Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын қыз-жігіттер олимпиадаға кешенді дайындықты бастады». Алдымен лицензиялық турнирлерге қатысу қажет.

Одан кейін Бейжіңдегі қысқы ойындарға аттанып, жүлдеге таласып көреміз дейді бас бапкер. Елордадағы мұз сарайы. Мұнда Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын қыз жігіттер соңғы дайындықты пысықтап жатыр.

Бірер күннен кейін Бейжің қаласына аттанып, әлем кубогына қатысады. Одан кейін тағы 3 жарыс бар. Яғни әлемдік аламанның қалған кезеңдері Жапония, Нидерланд және Мажарстанда өтеді. Соның нәтижесінде олимпиада жолдамалары таратылады.

Мәдіғали Қарсыбеков, шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері:

– Медаль алуға барлық күшімізді салып жатырмыз. Үздік мамандарды жинадық. Қазақстанда және Ресейде жаттығу жасап, көрші елдің үздік спортшылары бізге спарринг қарсылас болды. Уфада 5 ай жаттығудан өттік.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер