русский язык

Марин Томасов «Астанада» қала ма

Марин Томасов «Астанада» қала ма

«Астана» футбол клубы Марин Томасовтың командадан кететіні туралы ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бірқатар бұқаралық ақпарат құралы 2021 жылғы маусымның соңында «Астана» жартылай қорғаушы Марин Томасов және негізгі құрамдағы бірнеше ойыншымен келісшамшартты аяқтайтыны туралы хабарлады.

«Астана» футбол клубы бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдейді. Марин Томасов пен ойыншылардың астаналық клубпен келісімшарттары бар. Бапкерлер штабы ойыншылармен бірге өз жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатыр.

«Астана» футбол клубының баспасөз қызметі тек клубтың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сенуді сұрайды », - делінген команданың хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;