Велоспорт

Луис Леон Санчес «Астана» сапынан кетті

Луис Леон Санчес «Астана» сапынан кетті
news-banner7
mobile-news-top

Bahrain Victorious велокомандасы «Астананың» 37 жастағы испаниялық шабандозы Луис Леон Санчеспен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі bahraincyclingteam.com сайтына сілтеме жасап.

Луис Леон Санчес елордалық клубта жеті жыл жұмыс істеген соң Bahrain Victorious командасына ауысады. Испаниялық шабандоздың еншісінде 35 жеңіс бар, оның ішінде «Тур де Франстың» төрт кезеңі, «Сан-Себастьян Классикасының» екі кезеңі, «Париж-Ницце» (2009) турнирі, сондай-ақ «Испания Вуэльтасы-2014» таулы жейдесі бар.

2022 жылы Луис Леон Санчес велоспорттағы 19-маусымын бастайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер