Футзал

«Атыраудың» жаңа ойыншысы Чемпиондар лигасына қатыспайды

«Атыраудың» жаңа ойыншысы Чемпиондар лигасына қатыспайды
news-banner7
mobile-news-top

Meta-ratings.kz мәліметінше, «Атырау» футзал клубының жаңа ойыншысы беларусьтік Илья Казак Чемпиондар лигасының алдағы матчтарында өз командасына көмектесе алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Илья Казак «Атыраудың» еурокубоктағы дебютінде клубқа көмектесуі керек еді. Ол Қазақстан Суперкубогының матчына қатысқан.

Ал Қазақстан кубогы топтық кезеңінің бірінші турындағы «Рахметке» қарсы матчта жарақат алды. Қазір елордадағы ауруханалардың бірінде ем алып жатыр.

Казак кем дегенде бір ай ойнай алмайды, сондықтан Чемпиондар лигасында атыраулық клубқа көмектеспейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер