Қысқы

Қайрат Биекенов: Қысқы Олимпиадаға екі жолдама алу жоспарымызда бар

Қайрат Биекенов: Қысқы Олимпиадаға екі жолдама алу жоспарымызда бар
news-banner7
mobile-news-top

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Биекенов спортшылардың олимпиадалық маусымдағы дайындығы туралы айтты деп хабарлайды Olympic.kz.

«Команда толық құраммен жаттығуда. Жігіттердің көңіл-күйі жақсы. Жаздан бері өз жоспарымызды жүзеге асыру үшін тырысып келеміз. Спортшылар халықараық жарыстарға қатысып, жақсы нәтиже көрсетуге күш салуда.

Құрама тәжірибелі спортшылардан бөлек, жас атлеттермен де толықты. Атап айтар болсақ, Сергей Кравцов, Никита Девяткин, Святослав Назаренко және Ильшат Кадыров қатарға қосылды. Жоспар бойынша құрлықтық әлем кубоктерінде сынға түсеміз. Әлем кубогі кезеңдерінен дәрежесі төмен болғанына қарамастан, олимпиадалық лицензияға таласу үшін қажетті ұпай жинауға болады.

Әзірге, екі жолдама алсақ деген жоспарымыз бар», - дейді Биекенов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер