Велоспорт

«Астана» INEOS Grenadiers командасының екі шабандозын қатарына қосты

«Астана» INEOS Grenadiers командасының екі шабандозын қатарына қосты
news-banner7
mobile-news-top

Astana Qazaqstan командасының құрамын тағы екі шабандоз – колумбиялық Себастьян Энао (28 жаста) және итальялық Леонардо Бассо (27 жаста) қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энаомен келісімшарт бір маусымға (2022), ал Бассомен келісім екі жылға жасалды (2022 және 2023).

Себастьян Энао 2014 жылы Колумбия ұлттық күнтізбесі бойынша бірқатар нәтижеге қол жеткізгеннен кейін кәсіпқой деңгейге ауысты. Дүниежүзілік турға қатысқан сегіз жылында Энао өзін мықты және адал командалық ойыншы ретінде көрсетті, ол Grand Tours, әсіресе «Джиро д’Италияда» тәжірибесі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер