Футзал

«Араз» сапына бразилиялық ойыншы қосылды

«Араз» сапына бразилиялық ойыншы қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Әзербайжан чемпионы «Араз» 26 жастағы бразилиялық ойыншы Давид Густаво Дос Сантоспен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі futsalua.org сайтына сілтеме жасап.

Azerisport.com хабарлауынша, ойыншы ұлттық чемпионат матчтарына қатысу үшін Нахичевань клубының тіркеуіне енгізілген.

Давид Густавоның бұрынғы клубы бразилиялық «Кампо Муран» болды, Бразилия чемпионатының осы маусымында 13 матчта ойнап, 3 гол соқты.

27-30 қазан аралығында «Араз» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнайды. Украиналық «Ураган», румыниялық «Юнайтед Галац» және косоволық «Личенимен» кездеседі.

Фото azerisport.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер