Қысқы

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы жаңа маусымға елордада дайындалып жатыр

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы жаңа маусымға елордада дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы елордада оқу-жаттығу жиындарын жалғастыруда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұлттық құрама 22021/2022 жылғы маусымды Бейжіңде әлем кубогінен бастайды. Осыған орай, бас бапкер Мәдіғали Қарсыбеков Олимпиада қарсаңында жолдама үшін жанын салатын спортшылар есімін атаған болатын. Жаңа маусымда 12 спортшышорт-тректен әлем кубогі кезеңдеріне қатысып, жолдаманы сарапқа салады.

Елордада өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында бапкер басты мақсат - төртжылдықтың басты додасына жолдама жеңіп алу керегін де жасырмады.

- Қазіргі таңда ең бірінші мақсатымыз, жоспарымыз - Олимпиада ойындарына лицензия алу. Лицензияға ие болғаннан кейін Олимпиадаға дайындыққа кірісеміз, - деп қысқа қайырды Мәдіғали Қарсыбеков.

Айта кетерлігі, шорт-трекшілер 16 қазанға дейін ел астанасындағы "Алау" мұз айдынында дайындығын жалғастырады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер