«Арлан» – «Номад» матчтары Нұр-Сұлтанда өтеді
![«Арлан» – «Номад» матчтары Нұр-Сұлтанда өтеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202110/201131_6c2bd46184673aeca9bcdc8fb56b8823.jpg?v=28649150)
ҚХФ Республикалық жарыстар өткізу бөлімі «Арлан» және «Номад» командалары арасындағы №83 және №84 матчтар өтетін орынның ауысатыны туралы хабарлайды.
Кездесулер 14 және 15 қазанда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс-Аренаның» Б блогында өтеді. Кездесу елорда уақыты бойынша 19:00-де басталады. Мұндай шешім көкшетаулық «Бурабай» спорт сарайындағы техникалық ақауларға байланысты қабылданды.
Мән беретін жайт, «Арлан» бұл матчтардың «иесі» ретінде қала бермек.