Теннис

Әшкеева: Павлодардағы турнир үстел теннисінің дұрыс бағытта екенін көрсетті

Әшкеева: Павлодардағы турнир үстел теннисінің дұрыс бағытта екенін көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Жақында Павлодарда үстел теннисінен Ермек Китаевты еске алуға арналған дәстүрлі ашық турнир өтіп, қазақстандық Арай Әшкеева жеңімпаз атанған болатын.

Жеңімпаз ойыннан алған әсерімен бөлісіп, турнирді қорытындылады.

«Павлодардағы турнир өте жоғары деңгейде өтті. Біз жаңадан ашылған үстел теннисі орталығында ойнадық. Үстелдер жаңа, жарық та жақсы түседі. Мұндай кешенде ойнаудың өзі бір бақыт. Қарсыластардың бәрі де қарымды. Осалы жоқ.

Осы жарысқа жақсы дайыдықпен келген едім. Сондықтан, жеңімпаз атанғаным қуанышымды еселей түсті. Турнирге әуесқой спортшылар да қатысты. Бұл кәсіби ойыншылармен тәжірибе алмасу үшін таптырмайтын мүмкіндік.

Жалпы алғанда, жарыс бізді жақындата түсті. Бұл Қазақстандағы үстел теннисінің алға басып келе жатқанын көрсетеді. Енді алда Қазақстан кубогі өтеді. Сол бәсекеде жақсы нәтиже тіркегім келеді», - дейді Арай.

Түпнұсқасы: Olympik.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер