Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдердің сыйақысы белгілі болды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін үшінші рет жұдырықтасқан Тайсон Фьюри мен Деонтей Уайлдердің сыйақысы қанша болғаны анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі sport-express.ru сайтына сілтеме жасап.
Фьюри бұл кездесуден 30 миллион доллар табыс көрді. Сонымен қатар, ұлыбританиялық боксшы ақылы трансляциядан түскен табыстың 60 пайызын алады.
Ал Уайлдер жекпе-жек үшін 20 миллион және трансляцияның 40 пайызын алады. Жалпы алғанда оның табысы 25 миллионға жуық болады.
Еске салайық, Фьюри бұл жекпе-жекте қарсыласын 11-раундта жеңген болатын.