ММА

Мария Агапова UFC турнирінде колумбиялық файтерден басым түсті

Мария Агапова UFC турнирінде колумбиялық файтерден басым түсті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық бұрымды файтер Мария Агапова (9-2) UFC-де үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Лас -Вегаста (Невада, АҚШ) аралас жекпе -жектен UFC Fight Night 194 турнирінде өнер көрсетті.

Оның қарсыласы «Колумбия патшайымы» лақап атымен танымал колумбиялық Сабина Масо (9-2) болды. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген. Алайда, Мария соңғы раундта қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.

Осылайша Мария Агапова кәсіпқой мансабындағы оныншы жеңісіне қол жеткізді, ал Сабина Масо үшінші жеңіліске ұшырады.

Агапова үшін бұл UFC-дегі екінші жеңіс болды. Жалпы алғанда, қазақстандық файтер ірі промоушнде үш жекпе-жек өткізді - америкалық Ханна Сайферсті (10-7) ұтты, содан кейін АҚШ-тың басқа өкілі Шейна Добсоннан (4-5) техникалық нокаутпен есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер