Қысқы

Дмитрий Бабенко: Олимпиадаға жолдама алған спортшылардың Бейжіңге баратын мүмкіндігі мол

Дмитрий Бабенко: Олимпиадаға жолдама алған спортшылардың Бейжіңге баратын мүмкіндігі мол
news-banner7
mobile-news-top

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы елордада «Алау» мұз айдынында жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бас бапкер Дмитрий Бабенко олимпиадалық маусымдағы басты мақсаттар мен өзгерістер туралы тарқатып айтып берді, деп жазады Olympic.kz.

«Біз көптен күткен жиын «Алау» мұз айдынында өтіп жатыр. Осыған дейін ұйымдастыру мәселелерін шештік. Енді алаңсыз мұзда жаттығудамыз. Қуанышқа қарай, дайындығымызға ештеңе кедергі болған жоқ. Жаттығу жиыны жаздан бері еш үзілместен, 100 пайыз жоғары деңгейде өтті. Енді алдағы жарыстарды асыға күтіп жүрміз. Спортшылар да жарақаттан дін аман, тас-тұйнақ дайын отыр.

Алда бізді үлкен сынақ күтіп тұр. Өткен маусымдағы әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша біз әр қашықтыққа төрт квотадан алдық. Бұрындары біз екі квотамен шектелуші едік. Енді біздегі бәселестік те күшейіп келе жатыр.

Әлем кубогі кезеңіне қатысу үшін құрама командада бір орынға 7-8 адамнан таласады. Яғни, ешкім құрамадағы орны үшін нық сеніммен жүрген жоқ. Бәрі де командадағы орны үшін күш салады», - дейді бас бапкер.

Дмитрий Бабенконың айтуынша, әлем кубогі кезеңдеріне қатысатын спортшылардың лицензия жеңіп алатын да мүмкіндігі мол.

«Қараша айының ортасында конькимен жүгіруден әлем кубогінің төрт кезеңі өтеді. Лицензиялық турнирге қатысатын спортшылар Бейжің Олимпиадасының лицензиясына таласады. Олимпиадада әр қашықтық бойынша 24 орын бар.

Біз де солардың қатарына ілігуге тырысамыз. Меніңше, желтоқсан айының ортасында жолдама алған спортшылар есімі анықталып қалады. Ал нақты тізім ресми түрде 16 қаңтарда белгілі болады.

Конькимен жүгіру спортында Олимпиада лицензиясы жекелеген спортшыға емес, мемлекетке беріледі. Біздің жағдайымызда, квотаны жеңіп алған спортшының Олимпиадаға қатысатын мүмкіндігі мол. Сондықтан, спортшылар бар күшін салады», - дейді Бабенко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер