Қысқы

Екатерина Айдова: Олимпиадаға жолдама тарихы әлем кубогы кезеңдерінің нәтижесінде белгілі болады

Екатерина Айдова: Олимпиадаға жолдама тарихы әлем кубогы кезеңдерінің нәтижесінде белгілі болады
news-banner7
mobile-news-top

Отандық конькишілер елордада жаттығу жиынын өткізіп жатыр. "Алау" мұз сарайында дайындығын шыңдап жүрген ұлттық құрама көшбасшысы Екатерина Айдова Olympic.kz сайтына жиынның қалай өтіп жатқанын айтып берді.

"Бұл менің спорт карьерамдағы төртінші олимпиадалық кезең. Әрине, Олимпиада қарсаңында жауапкершілік жүгі өте ауыр.

Біздің жазғы жаттығу жиынымыздың барлығы Нидерландыда өтті. Өздеріңіз білетіндей, Нидерланды әлем бойынша коньки спортынан бірінші орында тұр. Осындай елде дайындығымызды пысықтап, шеберлігімізді шыңдауға мүмкіндік туғанына шын қуаныштымыз.

Жазғы маусымға жоспарлаған жоспарымыз, тапсырмалар 100 пайызға толық орындалды десек болады. Қазір жабық кешенде мұзда дайындыққа кірістік. Әлем кубогі кезеңдерінің нәтижесі бойынша Олимпиадаға қандай дистанцияға қанша жолдама алғанымыз белгілі болады", - дейдіі Екатерина Айдова.

Айта кетерлігі, конькишілер жаттығуы 17 қазанға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер