Күрес

Тамерлан Шадукаев әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Тамерлан Шадукаев әлем чемпионатында жүлдесіз қалды
news-banner7
mobile-news-top

Тағы бір қазақстандық балуан әлем чемпионатында жарыс жолынан шықты. 77 келіде белдескен грек-рим шебері Тамерлан Шадукаев жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Норвегияның Осло қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Әлем біріншілігінің жұбаныш белдесуінде Тамерлан Шадукаев Дмитрий Пышковпен кездесті. Бірінші жұбаныш кездесуінде 7:0 ұпайымен жеңіп, отандасымыз қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Алайда жұбаныш финалында Иран балуанына жол беріп, дүниежүзілік біріншілікті жүлдесіз аяқтады.

Айта кетерлігі, күрес түрлерінен әлем чемпионаты 10 қазанға дейін жалғасады. Грек-рим және еркін күрес бойынша құрамалар қоржыны бос болса, әйелдер күресінінен Жамиля Бақбергенова жарыстың күміс жүлдесіне қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер