Күрес

Жәмила Бақбергенова әлемдік сынды қорытындылады

Жәмила Бақбергенова әлемдік сынды қорытындылады
news-banner7
mobile-news-top

Жәмила Бақбергенова күрестен 72 келі салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Қазақстандық балуан финалдық кездесуден соң шағын сұхбат берді.

- Ағайымыз екеуміз алтын аламыз деп ойлағанбыз. Бірақ күмістің өзіне де шүкір. Бірақ көңілім толмайды. Себебі, ұтылып қалған соң, күмістің өзі қола сияқты болып қалады екен. Ендігі мақсат - олимпиадалық салмаққа ауысып, Олимпиада мен Азия ойындарына дайындалу, - дейді Жәмила Olympic.kz сайтына.

Жәмила Бақбергенова Қазақстан әйелдер командасы сапынан медаль алған жалғыз балуан. Ол финалда жапондық спортшыға есе жіберді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер