Дзюдо

Елдос Сметов әлем чемпионатына қатысатын спортшыларға сәттілік тіледі

Елдос Сметов әлем чемпионатына қатысатын спортшыларға сәттілік тіледі
news-banner7
mobile-news-top

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық дзюдошыларға сәттілік тіледі деп жазады Olympic.kz.

- Дзюдо күресінен Қазақстан жастар командасы әлем чемпионатына аттанғалы отыр. Осы орайда, бәріміз жұдырықтай жұмылып, спортшыларымызға қолдау көрсетейік. Мен жастарға сенемін!

Бақтарың мен баптарың қатар шапсын, бауырларым! Еліміздің әнұранын шырқатып, байрағымызды биікте желбіретіп қайтыңдар, - деді Сметов.

Елдос Сметов дзюдодан Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. 2015 жылғы әлем чемпионы, Азия біріншілігі мен Азия ойындарының жеңімпазы.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер