Күрес

Әлем чемпионаты: Сыздықова, Сағымбай және Теміртасова ұтылып қалды

Әлем чемпионаты: Сыздықова, Сағымбай және Теміртасова ұтылып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Ослода күрес түрлерінен әлем чемпионатының төртінші жарыс күні өтуде. Бүгін әйелдер күресінің өкілдері бақ сынап жатыр.

Өкінішке қарай, қазақстандық балуандар алғашқы кезеңдерде жеңіліп қалды.

53 келідегі Асылзат Сағымбай молдовалық Юлия Леордаға есе жіберді. 65 келідегі Айна Теміртасова 1/8 айналымда румыниялық Криста Инчені ұтқанымен, келесі кезеңде жапондық Мива Морикавадан ұтылды.

Сондай-ақ, Рио Олимпиадасының жүлдегері Эльмира Сыздықова 76 келіде сынға түсіп, египеттік қарсыласына жол берді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер