Қазақстан әйелдер құрамасы Австриямен жолдастық кездесу өткізді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызОлимпиадаға іріктеу турниріне дайындық аясында хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Австриямен жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында біздің хоккейшілер бірінші болып есеп ашқанымен, Австрия құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, 4 қазанда біздің команда Италияға аттанады. Екі күндік карантиннен кейін ойыншылар жаттығуды бастайды. Ал алғашқы ойынын 7 қазанда Қытайдың Тайпей командасына қарсы өткізеді.