Олег Болтин еркін күрестен әлем чемпионатының қола медалі үшін белдеседі
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық балуан Олег Болтин Ослодағы әлем чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Олег жартылай финалдық кездесуде грузиялық Гено Петриашвилиге 0:10 есебімен ұтылды.
Осылайша Болтин қола медаль үшін күреседі. Ол Лхвагерел Мунхтур (Моңғолия) / Йоханнес Людехер (Австрия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.