Теннис

«Жеңілісті жүрегіме жақын қабылдаймын». Путинцева Нұр-Сұлтандағы турнирдің финалдағы ойыны жайлы

«Жеңілісті жүрегіме жақын қабылдаймын». Путинцева Нұр-Сұлтандағы турнирдің финалдағы ойыны жайлы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Prosports.kz сайтына Нұр-Сұлтанда өткен WTA 250 сериялы турнирінің финалындағы жеңілісі туралы пікір білдірді.

- Финалдағы жеңілістен кейінгі көңіл-күйіңіз қалай?

- Мен жеңілісті жүрегіме жақын жақын қабылдайтын жанмын, бірақ бәрі жақсы. Ертең жаңа күн басталады.

- Матчты тап-тамаша бастап, бірінші сетте жарты сағатта жеңіске жеттіңіз. Кейін не өзгерді? Басымдық қарсыласта болды...

- Ойыны түрленіп шыға келді. Сызық бойынан жақсы соққылар бағыттады, торға жиі шықты. Кейбір сәтте жолы болып кетті. Шегінерге жол жоқ екенін түсініп, жиі тәуекелге барды.

- Турнир жайлы не айтасыз?

- Әрине, мен бұл турнирдің жыл сайын өткенін қалаймын. Жоғары деңгейде өткізілді. Келесі жолы топ жаруға тырысамын.

- Маусым соңындағы күнтізбе белгілі ме?

- Менің соңғы турнирім Индиан-Уэллсте өтеді деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер