Велоспорт

Испания чемпионатының күміс жүлдегері «Астана» сапына қосылды

Испания чемпионатының күміс жүлдегері «Астана» сапына қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық шабандоз Давид Де Ла Крус қазақстандық «Астана» велокомандасына қосылды, елордалық ұжымда ол алдағы екі маусымда өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі astanapremiertech.com сайтына сілтеме жасап.

32 жастағы шабандоз таулы кезеңдерде және көпкүндік жарыстарда мықты. «Испания Вуэльтасы» көпкүндігінің жалпы есебінде үш рет 7-орын алған.

2021 жылғы маусымда Давид Де Ла Крус Испания чемпионатының күміс жүлдегері атанды, «Люксембург турының» жалпы есебінде 4, «Бургос Вуэльтасында» 5, «Испания Вуэльтасында» 7-орын алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер