Қысқы

Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева бапкерлікке бет бұрды

news-banner7
mobile-news-top

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева Қызылорда қаласында бапкерлік қызметін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Элизабет Тұрсынбаева 2000 жылы дүниеге келген. Бұған дейін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, еліміздің үш дүркін чемпионы болды. Оған қоса жасөспірімдер қысқы олимпиадасының қола жүлдесіне қол созды.

Жақында ол әлеуметтік желіде өзінің спорттағы мансабын аяқтағаны туралы хабарлаған болатын. Ол Қызылорда қаласында журналистерге бұл жөнінде ресми мәлімдеме жасады.

«Мен кішкентай кезімнен мәнерлеп сырғанаудың шебері болуды қаладым. Сол жолда барымды салдым. Үлкен жетістіктерге де қол жеткіздім. Бұл орайда мені қолдаған азаматтар аз болған жоқ. Өкініштісі, денсаулығыма байланысты спорттық мансабымды ерте аяқтауға тура келді. Мұндай шешім қабылдау мен үшін ауыр соқты. Алда талай жақсы жаңалықтар көп болады деген үміттемін. Мені қолдаған баршаңызға алғыс айтамын», - деді Элизабет Тұрсынбаева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер