Қысқы

Қарсыбеков: Қазіргі мақсатымыз - Олимпиада ойындарына лицензия алу

Қарсыбеков: Қазіргі мақсатымыз - Олимпиада ойындарына лицензия алу
news-banner7
mobile-news-top

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы Уфадан елге оралды. Бас бапкер Мәдіғали Қарсыбековтың айтуынша, команда жаңа маусымға дайындығын елордада жалғасытырады.

"Ұлттық құрама Башқұрстанның Уфа қаласында төрт ай дайындалды. Қазіргі таңда командамыз елордаға келді.

3 қазаннан Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттығу жиынымыз басталады. Жоспар бойынша 16 қазанда Бейжің қаласында өтетін әлем кубогіне қатысуға барамыз. Одан кейін Жапонияның Нагое қаласында екінші әлем кубогі өтеді. Венгрияда үшінші және Нидерландыда әлем кубогінің төрітнші кезеңі жоспарланған.

Қанша лицензия алғанымыз желтоқсан айында белгілі болады.

Қазіргі таңда ең бірінші мақсатымыз, жоспарымыз - Олимпиада ойындарына лицензия алу. Лицензияға ие болғаннан кейін Олимпиадаға дайындыққа кірісеміз", - дейді бас бапкер Молдағали Қарсыбеков.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер