Теннис

«Мен өз ойын мәнерімді таба алмадым». Зарина Дияс Нұр-Сұлтандағы турнирдің екінші айналымындағы сәтсіздік себебін түсіндірді

«Мен өз ойын мәнерімді таба алмадым». Зарина Дияс Нұр-Сұлтандағы турнирдің екінші айналымындағы сәтсіздік себебін түсіндірді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан WTA 250 сериялы турнирінің екінші раундында не себепті жеңіліп қалғанын айтты.

– Екі сетте де қарсыласқа 3:0 есебімен есе жібердіңіз, оған не себеп болды?

– Бүгін мен жақсы ойнай алмадым. Керісінше, қарсылас жақсы ойнады. Ойын бастала салысымен мүмкіндіктерді мүлт жібердім. Әр ойын тең жағдайда өтті. Бірақ маңызды кезде нашар ойнадым, қателіктер жібердім.

– Бір күн бұрынғы қиын матч бүгінгі нәтижеге әсер етті ме?

- Әрине, физикалық тұрғыдан кешегі матчтан кейін біраз шаршадым, бірақ бұл бүгінгі жеңілісіме себеп болған жоқ. Мен кеше де, бүгін де сәтті ойын көрсеткен жоқпын. Бұл турнирде өз ойын мәнерімді таба алмадым.

– Жеңілгеніңізге қарамастан, турнирден қандай әсер алдыңыз?

– Мұндай турнирде өз еліңде ойнау өте жағымды және керемет әсер береді. Бүгін мен үшін турнир аяқталғаны өкінішті. Бірақ, бәрібір керемет атмосфера, энергия болды. Келесі жылы бұдан да жақсы ойнай аламын деп сенемін.

– Алдағы уақытта қандай турнирлерге қатысасыз?

– Келесі аптада басталатын Индиан -Уэллстегі турнирге ұшамын. Содан кейін АҚШ -та тағы екі турнир өткіземін, қазан айының соңында Италияда WTA турнирі болады. Биылғы қатысатын турнирлер кестесі осылай.

Фото: Андрей Ударцев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер