Хоккей

«Барыс» бүгін Магнитогорскінің «Металлургімен» кездеседі

«Барыс» бүгін Магнитогорскінің «Металлургімен» кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын сырт айдында Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бүгінге дейін 53 мәрте шеберлік байқасты. Оның 18-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды. «Барыс» бұдан бұрын елордада Ресейдің «Автомобилист» командасынан овертаймда 5:4 есебімен басым түсті.

Биыл 5 қыркүйекте елордада өткен екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Металлург» 2:1 есебімен жеңген болатын. Ал «Металлург» Магнитогорскіде Мәскеудің ЦСКА командасын 4:0 есебімен тізе бүктірді. Айта кетейік, «Барыс» 11 ойыннан кейін 8 ұпаймен турнир кестесінде 18-орында келеді. Ал «Металлург» 18 ұпаймен 2-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер