Хоккей

Скобрев Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабына қосылды

Скобрев Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабына қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Коньки спортынан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Иван Скобрев 2022 жылы Хельсинкиде өтетін әлем чемпионатына шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабына қосылғанын айтты, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Қазіргі уақытта Скобрев «Барыста» дене шынықтыру жаттықтырушысы қызметін атқарады.

«Осы маусымның соңына дейін. Мен Қазақстан құрамасымен Финляндияда өтетін әлем чемпионатына баруды жоспарлап отырмын, бұл белгілі бір қиындық болады, өйткені мен бұрын хоккейден ұлттық құрамалармен жұмыс жасамағанмын. Бұл мен үшін өте қызықты, мен бәрі орындалады деп сенемін», - деді Скобрев.

Еске салайық, 38 жастағы Скобрев сонымен қатар Еуропа чемпионы және әлем чемпионатының жеті дүркін жүлдегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер