Теннис

Герасименко: Болашақта бізден үстел теннисінің жұлдыздары шығады

Герасименко: Болашақта бізден үстел теннисінің жұлдыздары шығады
news-banner7
mobile-news-top

Үстел теннисінен Кирилл Герасименконың жеке жаттықтырушысы Геннадий Герасименко елімізде алғаш рет өткізілген халықаралық турнирге баға беріп, жас спортшыларға қатысты көзқарасын айтты.

«Турнир біздің елімізде талантты жас спортшылардың өсіп келе жатқанын көрсетті. Шынымды айтсам, бұл жайтқа өте қуанышымын. Қазір барлық жерде үстел теннисі базалары құрылып жатыр.

Біздің спортымыз одан әрі дами түседі әрі бұқаралық спорт түрлерінің біріне айналады. Бұл анық. Өйткені, Қазақстанда үстел теннисінің дамуына үлкен күш салынып жатыр. Бапкер ретінде бұл мені ерекше қуантады. Болашақта елімізді әлемдік аренада танытатын спорт жұлдыздары өсіп шығатынына сенемін.

Ал турнирге, келер болсақ, біздің ел бәсекені жоғары деңгейде ұйымдастырды. Мұндай залдарды тек Германия, Ресей, Қытай мен Жапониядан кездестіруге болады. Бәрі бар. Шетелдік әріптестерімізден жылы сөз естідім. Бұл турнирді өткізу елімізде дәстүрге айналады деген сенімдемін», - дейді Герасименко.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер