Усик Джошумен жекпе-жекте мансабындағы ең мол гонорарға ие болды
![Усик Джошумен жекпе-жекте мансабындағы ең мол гонорарға ие болды](https://prosports.kz/upload/news/content//202109/201736_f4d008f68e98539994ea0d4335f81068.png?v=28703796)
Украиналық боксшы Александр Усик британиялық Энтони Джошумен жекпе-жекте мансабындағы ең мол гонорарға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы спортшының менеджері Александр Красюк ТАСС агенттігіне берген сұхбатында айтты.
«Бұл оның [Усиктің] мансабындағы ең үлкен гонорар», - деді Красюк.
Бұқаралық ақпарат құралдары Усиктің жекпе-жектен алған тұрақты гонорары шамамен 3 миллион фунт болғанын хабарлады. Гонорар 5 миллион фунтқа жетуі де мүмкін.
Усик пен Джошуа арасындағы жекпе-жек 26 қыркүйекке қараған түні өтті. 12 раундқа созылған кездесуде украиналық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті (116-112, 117-114, 115-113). Осылайша, Александр аса ауыр салмақтағы WBA Super, WBO, IBF және IBO титулдарын жеңіп алды.