Бочаров: Соңғы матчтарда барынша көп ұпай алуымыз керек

Бочаров: Соңғы матчтарда барынша көп ұпай алуымыз керек
news-banner7
mobile-news-top

«Тұран» футбол клубының ойыншысы Никита Бочаров Қазақстан чемпионатының 22-туры аясында өткен «Қызылжарға» (0:1) қарсы матч туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz сайты түркістандық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Ойын қиын болды. Қазіргі таңда барлық команда мықты ойнап жатыр. Өйткені маусымның соңына дейін бірнеше матч қана қалды. Әр команданың өз мақсаты бар, ал «Қызылжар» еурокубокқа жолдама алғысы келетін болар. Команда төртінші орын үшін таласып жатыр. Соған қарай олар да жеңіске жеткісі келді. Біздің жағдайымыз да осыған ұқсас. Бірақ біз кішкене басқа жоспарды орындап жатырмыз.

Алдымызға Премьер-лигадағы орнымызды сақтап қалу деген мақсат қойылды. Сондықтан әр матча мүмкін болған бар ұпайды алғымыз келеді. «Атырау» мен «Ордабасыға» қарсы матчта жеңіске жетуге сәттілік жетпеді. «Ордабасымен» ойында жеңісті соңғы минутта уыстан шығарып алдық. Ауадай қажет 2 ұпайдан айырылдық. Бірақ бүгін жеңіске жетіп, болашағымыз үшін үлкен қадам жасадық.

Жасанды алаңда ойнау қиынға соқты. Әсіресе табиғи алаңнан жасандыға ауысқанда қиынға соғады. Бірақ команда жігерлік танытты. Біз қазір мұндай қиындыққа қарамаймыз. Бастысы 3 ұпайды қанжығалап, жанкүйерлерді қуанттық.

Алдымызда бізді қиын ойындар күтіп тұр. Бірақ біздің жалғыз мақсатымыз бар, ол әр матчта жеңіп, ұпай алу. Енді «Шахтерге» қарсы матчқа дайындаламыз. Алдымызға қойылған мақсатты тез арада орындауға тырысамыз. Дегенмен «Қайсардың» нәтижесін де бақылаумыз керек. Қазір жағдай бізге оңтайлы болып тұр, өйткені тағдырымыз өз қолымызда. Жағдайымызды одан ары қиындатпау үшін соңғы матчтарда барынша көп ұпай алу керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер