Astana Open WTA турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЕлордада әйелдер арасында алғаш рет Astana Open WTA 250 турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды.
Әлемнің 49-ыншы, осы жарыстың 1-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 161-орында тұрған грузиялық Екатерина Горгодземен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық Зарина Дияс іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады. Додаға арнайы шақырту алған рейтингте 282-орындағы Анна Данилина әлемнің 65-ракеткасы, франциялық Кристина Младеновичпен ойнайды.
Жуырда Қазақстанның абсолютті чемпионы атанған рейтингте 525-орындағы Жібек Қүламбаева әлемнің 55-інші, жарыстың 2-ракеткасы, бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен шебер байқасады.
Астана додасы 27 қыркүйек күні басталады. Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина Чикаго (АҚШ) WTA 500 турнирінде бақ сынайды.