Теннис

Astana Open WTA турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды

Astana Open WTA турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Елордада әйелдер арасында алғаш рет Astana Open WTA 250 турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды.

Әлемнің 49-ыншы, осы жарыстың 1-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 161-орында тұрған грузиялық Екатерина Горгодземен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық Зарина Дияс іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады. Додаға арнайы шақырту алған рейтингте 282-орындағы Анна Данилина әлемнің 65-ракеткасы, франциялық Кристина Младеновичпен ойнайды.

Жуырда Қазақстанның абсолютті чемпионы атанған рейтингте 525-орындағы Жібек Қүламбаева әлемнің 55-інші, жарыстың 2-ракеткасы, бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен шебер байқасады.

Астана додасы 27 қыркүйек күні басталады. Қазақстанның бірінші, әлемнің 16-ракеткасы Елена Рыбакина Чикаго (АҚШ) WTA 500 турнирінде бақ сынайды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер