Басқа

Ақтауда өткен триатлон жарысының жеңімпазы анықталды

Ақтауда өткен триатлон жарысының жеңімпазы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Каспий теңізінің жағалауында триатлоннан ҚР Ашық кубогының финалы өтті. Сайыста стандартты және спринт қашықтықтарында Elite, U23 және U19 санатындағы спортшылар сынға түсті.

Ақтау сайыскерлерді дауылмен қарсы алды; соның себебінен сайыс жарты сағатқа кеш басталды. Ау температурасы 19 °C ұстап тұрса, су температурасы 17.7 °C болды. Сайысты бірінші болып Elite және U23 санатындағы ерлер бастады. Әйтсе де, барлығы оны аяқтай алмады. Алматылық Ануар Турубаев жүзу кезінде дұрыс бұрылмай, төрешілер шешімімен сайыстан шығарылды.

Нәтижесінде жүлделі орындарды Ақмола облысының спортшылары алды. Мейрлан Искаков 2:12:35 нәтижесімен бірінші орын, Темирлан Темиров 2:13:22 уақытымен екінші орыннан көрінді. Жиырма үш жасқа дейінгі спортшылар санатындағы бәсекелі додада астаналық Дарын Қонысбаев топ жарды. Ол 2:07:06 нәтижесімен мәреге жетті. Бұл бүгінгі күн аясындағы үздік нәтиже екендігін атап өткен жөн. Жеңімпазға бес минуттай ұтылған алматылық Кирилл Рожков екінші атанды.

Үштікті түркістандық Ерасыл Аманжолов (2:15:13) тұйықтады. Қыздар арасында бірінші орындарды алматылық спортшылар алды: «элитада» — Дарья Бычкова (2:33:23), U23 санатында — Юлия Озерова (2:36:26). U19 санатындағы сайыстың басталуына қарай дауыл басылып, жақсы сайысқа жағдай туды.

Жігіттер арасында алматылық спортшылар қарсыластарына жол бермеді: Александр Тен (1:01:21) бірінші орын, Егор Крупяков (1:01:58) екінші орын және Даниил Породнов (1:02:15) үшінші орынды алды. Қыздар арасында жеңіс тұғырын оңтүстіктің спортшылары бағындырды: Хафиза Гултураева (1:25:48) бірінші, Аружан Аманжолова (1:39:36) екінші болып сайысты аяқтады.

Түпнұсқасы: triathlon.org.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер