Теннис

Андрей Василевский: Қазақстандағы теннис турнирлерінің деңгейі жыл сайын өсіп келеді

news-banner7
mobile-news-top

Astana Open ATP 250 турнирінің финалисі Андрей Василевский жарыстан соң пікірін айтты.

«Мен Қазақстанға жиі келіп жүрмін. Келген сайын жылдан жылға турнир деңгейлерінің өсіп келе жатқанына куә болып жүрмін, алдымен фьючерстер, содан кейін Челленджерлер, енді ATP 250 сияқты ірі турнирлер өтіп жатыр», - деді спортшы ҚТФ баспасөз қызметіне.

Финалда мексикалық Сантьяго Гонсалес пен аргентиналық Андрес Мольтени жұбы израильдік Джонатан Эрлих пен беларусьтік Андрей Василевский жұбымен кездесті.

Бұл сында мексикалық-аргентиналық жұптың жолы болды. Олар қарсыласын 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 1 минутқа созылды.

Түпнұсқасы: ktf.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер