Теннис

Astana Open: Гонсалес пен Мольтени жұптық сында жеңіске жетті

Astana Open: Гонсалес пен Мольтени жұптық сында жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан ATP 250 Astana Open турнирінің жұптық сыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда мексикалық Сантьяго Гонсалес пен аргентиналық Андрес Мольтени жұбы израильдік Джонатан Эрлих пен беларусьтік Андрей Василевский жұбымен кездесті.

Бұл сында мексикалық-аргентиналық жұптың жолы болды. Олар қарсыласын 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 1 минутқа созылды.

Сантьяго Гонсалес (Мексика)/Андрес Мольтени (Аргентина) – Джонатан Эрлих (Израиль)/Андрей Василевский (Беларусь) 6:1, 6:2

Айта кетейік, 14:30-де жекелей сынның финалдық матч өтеді. Ақтық бәсекеде оңтүстік кореялық Квон Сун Ву мен аустралиялық Джеймс Дакворт кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер