Футзал

Әлем чемпионаты: Марокко – Бразилия және Ресей – Аргентина матчының трансляциясы

Әлем чемпионаты: Марокко – Бразилия және Ресей – Аргентина матчының трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

26 қыркүйекте футзалдан әлем чемпионатының 1/4 финалы аясында екі матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Марокко мен Бразилия құрамалары Вильнюсте жартылай финалға алғашқы жолдаманы сарапқа салады. Марокко 1/8 финалда 3:2 есебімен Венесуэла құрамасын жеңді. Ал бразилиялықтар Жапония командасын 4:2 есебімен ұтты.

Марокко – Бразилия матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 18: 50-де басталады.

Каунаста өтетін екінші ширек финалда алдыңғы әлем чемпионатының финалистері Ресей мен Аргентина кездеседі. Ресей 1/8 финалда Вьетнам құрамасын жеңді (3:2). Ал аргентиналықтар Парагвай құрамасын жарыс жолынан шығарды (6:1).

Ресей – Аргентина кездесуінің тікелей трансляциясы елорда уақытымен 21:20 -да басталады.

Екі ойынды да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер