Велоспорт

«Астана» шабандозы испаниялық клубпен келісімшарт жасасты

«Астана» шабандозы испаниялық клубпен келісімшарт жасасты
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» велокомандасының испаниялық шабандозы Оскар Родригес осы маусымның соңында өз елінің Movistar командасына ауысады, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы жаңа командасымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.

Айта кетейік, Родригес «Астанаға» 2020 жылғы маусымның басында ауысып келді. Екі жылда ол қазақстандық команда сапында «Вуэльта Валенсия» және «Вуэльта Бургос» жарыстарында (2020 ж.) үшінші орын алды. 2021 жылы Францияда өткен жарыстарда үздік нәтиже көрсетті («Мон Ванту Челлендж» - 2-орын, «Окситания туры» - жалпы есепте 3-орын).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер