ММА

UFC 266: Волкановски басты жекпе-жекте Ортеганы жеңді

UFC 266: Волкановски басты жекпе-жекте Ортеганы жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC 266 турнирі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде аустралиялық Александр Волкановски мен америкалық Брайан Ортега кездесті. Бұл кездесуде аустралиялық файтер жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғады.

Жекпе-жек жоспарланған бес раундтың соңында дейін жалғасып, Волкановскидің жеңісімен аяқталды. Төрешілер бірауыздан жеңісті аустралиялыққа берді - 49:46, 50:45, 50:44.

Осылайша, Александр кәсіпқой мансабындағы 23- жеңісіне қол жеткізді, ол бір рет ғана жеңілген (UFC-дегі рекорды 10-0). Ал Брайанның кәсіпқой рекордында 15 жеңіс пен 2 жеңіліс бар (UFC-де 7 жеңіс, 2 жеңіліс).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер