ММА

Шевченко UFC 266 турнирінде Мерфиді жеңді

Шевченко UFC 266 турнирінде Мерфиді жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC 266 турнирінің негізгі жекпе-жегінде қырғыз файтері Валентина Шевченко ең жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағын алтыншы рет қорғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның кезекті қарсыласы америкалық Лорен Мерфи болды. Кездесу төртінші раундта аяқталды. Шевченконың толассыз соққысынан кейін төреші Кит Питерсон жекпе-жекті тоқтатып, қырғыз спортшысы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, қырғызстандық файтер кәсіпқой мансабындағы 22-жеңісіне қол жеткізді, ол бұдан бөлек 3 мәрте жеңілген (UFC-де 11 жеңіс, 2 жеңіліс). Ал Мерфидің рекорды - 15 жеңіс, 5 жеңіліс (UFC-де 7 жеңіс, 5 жеңіліс).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер