Теннис

Татьяна Николенко WTA 250 турнирінде дебют жасады

Татьяна Николенко WTA 250 турнирінде дебют жасады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан теннис тарихында әйелдер арасында алғаш рет өтетін WTA 250 Astana Open турнирінің ашылу матчында 17 жастағы өскемендік «жұлдыз» әлемдік рейтингте 170-орында тұрған 24 жастағы ресейлік Наталья Вихлянцевамен кездесті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бірінші сетте тәжірибелі қарсыласының алдында аздап қобалжыған Татьяна, ойынның екінші жартысына таяу сенімді ойнай бастады. Дегенмен матч басында көп қате жіберген ол 0:6 есебімен жеңіліс тапты.

Ал екінші сетте Татьяна басым болды. Оның жеңетінін табандылығы мен қайсарлығына қарап білуге болатындай еді. Допты ойынға қосудағы сенімді ойыны, торға жақын жақсы қимылдауы мен екі брейк-пойнтты жүзеге асыруы арқасында Николенконы 6:3 есебімен жеңді.

Шешуші үшінші сетте табанды күрес жалғасын тапты. Екі қарсылас допты ойынға қосуда геймге ие болды. Матч 2:1 болып тұрғанда Вихлянцева медициналық үзіліс алған еді, бұл Татьянаның ойынына айтарлықтай әсер еткені рас. Тактикалық қадамды дұрыс жасаған орыс теннисшісі жеңіске жетті: 6:0, 3:6, 6:1.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер