Бокс

Джошуа - Усик жекпе -жегінің тікелей трансляциясы

 Джошуа - Усик жекпе -жегінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

26 қыркүйекке қараған түні Лондонда (Ұлыбритания) британдық боксшы, WBA Super, WBO, IBF және IBO нұсқалары бойынша ауыр салмақта әлем чемпионы Энтони Джошуа (24-1, 22КО) мен украиндық Александр Усик (18-0, 13 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Джошуа - Усик жекпе -жегінің тікелей трансляциясы Нұр -Сұлтан уақытымен 02: 00 -ден кейін басталады және оны мына жерден көруге болады.

Энтони Джошуа кейінгі жекпе -жегін 2020 жылдың желтоқсанында өткізді - ол тоғызыншы раундта болгар боксшысы Кубрат Пулевті (28-2, 14 КО) нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеуін қорғады.

Александр Усик рингке 2020 жылдың қазанында шықты және америкалық ауыр салмақтағы Дерек Чисораны (32-11, 23 КО) төрешілерінің бірауызды шешімімен жеңді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер