ММА

Ресейлік файтер жекпе-жектен кейін Қуат Хамитовтың мәлімдемесіне жауап берді

Ресейлік файтер жекпе-жектен кейін Қуат Хамитовтың мәлімдемесіне жауап берді
news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе -жек шебері ресейлік «Пиранха» лақап атымен танымал Мариф Пираев қазақстандық Қуат «Найман» Хамитовтың мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Рrosports.kz .

Хамитов жеңілістен кейін өзінің инстаграм парақшасында эмоциясымен бөлісті: «Мариф Пираевты жеңісімен құттықтаймын! Жақсы жекпе -жек, ​​ешқандай дау жоқ.

Бір ғана түсініксіз сәт – екі төреші үш раундтың барлығын (30-27) неге қарсылас пайдасына шешті»,-деп жазды «Найман» өзінің Instagram желісінде.

Бұл сөзге Пираев: «Аға, сіз алып адамсыз! Жақсы жекпе-жек үшін рахмет!», - деді.

Олардың жекпе-жегі Сочиде (Ресей) AMC Fight Night турнирінің басты кездесуі болды және үш раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Пираевқа берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер