Бокс

Қазақстандық боксшының АҚШ-тағы жекпе -жегі өтпей қалды

Қазақстандық боксшының АҚШ-тағы жекпе -жегі өтпей қалды
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Серік Мұсаділовтың (10-0, 9 КО) кезекті жекпе-жегі өтпей қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан уақыты бойынша 25 қыркүйек күні таңертең Майамиде (Флорида, АҚШ) өтуі тиіс жекпе-жектің тоқтатылуына қарсылас – америкалық Шон Миллердің (18-6-1, 7 КО) жарақаты себеп болды.

«Өкінішке қарай, қарсыластың жарақатына байланысты менің жекпе -жегім сәтсіз аяқталды», - деп жазды Серік өзінің Instagram парақшасында.

9 шілдеде Серік Мұсаділов Майамидегі жекпе-жег өткізіп, америкалық боксшыЛамонт Кейперсті (11-15-5, 2 КО) бірауызды шешіммен жеңген болатын.


Фото instagram.com/serikmussadilov

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер