Басқа

VI Спартакиада аясында паралимпиадалық спорт түрлерінен жарыстар басталады

news-banner7
mobile-news-top

24 қыркүйек пен 5 қазан аралығында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында еліміздің VI Спартакиадасы аясында паралимпиадалық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

Жалпы қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті нашар спортшылар арасында Қазақстанның VI Спартакиадасын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласы қабылдайды. Нұр-Сұлтан мен Алматыда паралимпиадалық, ал Шымкентте параалимпиадалық емес спорт түрлерінен бәсеке өтеді.

Дәстүрлі доданың мақсаты – еліміздегі мүгедек адамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Биылғы Спартакиадада 14 спорт түрі бойынша еліміздің 14 облысынан және республикалық маңызы бар 3 қаладан келген 1700-ден астам спортшы бақ сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер