Басқа

Қазақстандық паратаеквондошылар Еуропа ашық чемпионатында төрт жүлде алды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық паратаеквондошылар Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен паратаеквондодан Еуропа ашық чемпионатында төрт медаль жеңіп алды.
Жалпы командалық есепте еліміздің құрамасы үшінші орынды иеленді.

Жарысқа 18 елден 120-ға жуық спортшы қатысты. Еліміздің намысын қорғауға 8 пара-атлет аттанды.

Мәлік Мұқашев (К41 80 келіге дейін) пен Кәмиля Досмалова (К44 57 келіге дейін) Түркияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпаздары атанды.

Токио-2020 Паралимпиадалық ойындарының қатысушылары Нұрлан Домбаев (K44 80 келіге дейін) пен Нышан Өмірәлі (K44 80 келіден жоғары) жарысты қола медальмен аяқтады.

Түпнұсқасы: kaztkd.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер