Басқа

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар халықаралық жарыста бақ сынады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар халықаралық жарыста бақ сынады
news-banner7
mobile-news-top

Германияның Оберстдорф қаласында мәнерлеп сырғанаудан ISU Challenger кезеңі аясында бәсекелер басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

ISU Challenger — Nebelhorn Trophy турниріне Қазақстаннан Диас Жиренбаевпен Багдана Рахишова қатысты.

Ерлер арасында қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Диас Жиренбаев 28-ші орыннан көрінді. Ал әйелдер арасында сынға түскен отандасымыз Багдана Рахишова 33-ші орынға жайғасты.

Айта кетерлігі, ерлер арасында АҚШ өкілі Винсент Чжоу жеңімпаз атанды. Франция спортшысы Адам Сяо Хим Фа екінші, Австралияның мәнерлеп сырғанаушысы Брендан Керри үздік үштікті қорытындылады.

Әйелдер арасындағы бәсекеде АҚШ өкілі Алиса Лю топ жарды. Швейцариялық Алексия Паганини күміспен күптелсе, беларусиялық Виктория Сафонова қола жүлдені қанағат тұтты.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер