Футзал

Қазақстанның қарсыласы анықталады. Өзбекстан – Иран матчының трансляциясы

Қазақстанның қарсыласы анықталады. Өзбекстан – Иран матчының трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

24 қыркүйекте Вильнюс қаласында футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Өзбекстан мен Иран құрамалары кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойында Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталады. Жұптың қай жеңгені кеше Таиланд құрамасын жарыс жолынан шығарған Қазақстанмен кездеседі.

Топтық кезеңде Өзбекстан мен Иран құрамалары сәйкесінше F және B топтарында екінші орын алды.

Өзбекстан – Иран матчын Qazsport телеарнасы көрсетеді. Тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 20:25-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер