Футзал

Футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионатының Қазақстан - Тайланд матчының фоторепортажы

Футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионатының Қазақстан - Тайланд матчының фоторепортажы
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz назарларыңызға 2021 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында кездескен Қазақстан - Таиланд матчынан фоторепортаж ұсынады.

Қазақстан құрамасы Тайландқа жауапсыз 7 гол соқты.

Бірінші таймда «Қайрат» командасынан Дәурен Тұрсағұлов (3 минут), Дуглас (14 минут), сонымен қатар Чайвата Джамграджанга автогол (19 минут) соқты.

Ал екінші таймда отандастарымыз есепті еселеді.

Дәурен Нұрғожин (24), Тайнан (24), Арнольд Кнауб (32) және Игита (38).

Ширек финалда қазақстандықтар 24 қыркүйекте бір-біріне қарсы ойнайтын Өзбекстан-Иран жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, топтық кезеңде Қазақстан Коста -Рика (6: 1) мен Литваны (3: 0) жеңді, сонымен қатар Венесуэламен тең түсті (1: 1). Рикардо Каканың шәкірттері А тобында бірінші орынмен плей-офф кезеңіне өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер